Рождествомен құттықтады
Қаңтардың 6-нан 7-не қараған түні әлем православтары Рождество мерекесін қарсы алады. Бұл діни мереке еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде біздің облысымызда да жыл сайын лайықты деңгейде тойланып келеді.

-Құрметті қостанайлықтар, сіздерді облыс әкімінің атынан шын жүректен Рождество мерекесімен құттықтаймын. Елбасымыздың көрегенді саясатының арқасында біздің елімізде тұратын барша дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың өз діни мерекелері мен ұлттық мейрамдарын атап өтуіне де ешқандай кедергі жоқ. Қайырымдылық пен жақсылықтың нышаны саналатын бұл мейрамда баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін, – деді С.Карплюк.
Сондай-ақ, шіркеудің владикасы Анатолий де діни мерекеге жиналғандарды Рождествомен құттықтап, мейірімділік пен ізгілікке, өзара достық пен татулыққа шақыратын бұл мейрамның мән-маңызына тоқталды.
Қарлығаш Оспанова
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай