ҰБТ үздіктері

Елімізде мектеп түлектерінің ҰБТ тапсырып жатқаны белгілі. 3 маусымда бастау алған шараның алғашқы ағымына облыс көлеміндегі білім ошақтарының 1494 оқушысы қатысты, бұл Тобыл өңіріндегі жалпы білім беру ұйымдары түлектерінің 32,89 пайызын құрайды.
IMG_3811 Бірінші күннің нәтижесі бойынша оқушылардың орташа баллы – 81,15. Алғашқы ағымға 63 «Алтын белгi» үміткер қатысты, олардың 28-і (44,44 пайызы) өз білімдерін дәлелдеп шықты. Ең жоғары 123 балды Қостанай қаласындағы Горький атындағы гимназияның түлегі А. Кускулакова, одан кейін 122 балды дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің түлегі А. Ауесканова, физика-математика лицейінің түлегі П. Пестрецова алды. Сонымен қатар, М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің үш «Алтын белгiге» үміткерлері Мархабат Тұрсынғали(118 балл), Айғаным Қойшығұлова(112 балл), Мәдина Дүйсенбаева(108) жоғары нәтижеге қол жеткізе алды. Екінші ағым бүгін, үшінші ағым ертең өтеді. ҰБТ екінші ағымына түлектерден 593 өтініш, ал, үшінші ағымға – 420 өтініш берілді.
 
Гүлназым Сағитова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓