Коммуналдық желілер жаңартылуда
Рудный. Әбден тозығы жетіп, ескірген инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда, қаладағы екі жылу желісінде күрделі жөндеу қолға алыныпты. Қаражат жергілікті қазынадан қарастырылған. Октябрьдің 50 жылдығы көшесі «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде жаңа кейіпке енуде. Жобаны жүзеге асыру үшін 55 млн. теңге бөлінді.