Тіл тазалығы басты назарда

Бүгінгі заманды «мүгедек маңдайша» мен қате жазылған жарнама тақтайшаларысыз елестету мүмкін болмай отыр. Көшедегі билбордтар, жекеменшік нысандардың атаулары мен сыртқы жарнамалары орыс тілінен мемлекеттік тілге сөзбе-сөз, шала-шарпы аударылып, мағынасы өзгерген дүбәра сөз тіркестері мен грамматикалық қателер өріп жүргені, кейбір нысандардың тіпті мүлдем қазақ қаріптерін қолданбайтыны, яғни заң талаптарына сай жазылмайтыны баспасөз құралдарында жиі айтылып жүр.7
Осыны ескерген Қостанай облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма Рудный қаласында «Тіл тазалығы» рейдін жүргізді. Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» Заң нормаларының сақталуына қатысты ұйымдастырылған тексерісте жергілікті кәсіпкерлер палатасы, қалалық ішкі саясат бөлімі мен тілдердерді оқыту орталығының мамандары сауда нүктелері мен жарнама агенттіктерін аралады. Рейд барысында жарнамадағы мәтіндер тек бір тілде, сондай-ақ орыс және қазақ тілдерінде өрескел қателіктер жіберілгені белгілі болды. Мамандар жарнама осы бойынша шағын және орта бизнес өкілдеріне ескерту жасап, Заңның талаптарын түсіндірді.
Облыстық басқарманың ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Жарасхан Наурызбаевтың айтуынша, көзбен шолып өтетін ақпараттардың барлық мәтіндері мынадай тәртіпте: сол жағынан немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жағынан немесе төменде – орыс тілінде, бірдей көлемегі әріптермен жазылуы тиіс.77
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айнұр Оразбаева шараның басты мақсаты – заң талаптарын бұзушыларды жазалау емес, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, керекті кеңестер мен ұсынымдар беру екендігін айтады.
Тіл тазалығын басты назарда ұстаған мамандар кеншілер шаһарының 20-дан астам нысанында болып қайтты. Әрине бір ғана рейдпен барлық мәселені шешіп тастау мүмкін емес. Дегенмен «көше жүре түзеледі» дегенді алға тартқан шара ұйымдастырушылары бүгінгі рейд алда жоспарланған ауқымды жұмыстардың бастамасы ғана дейді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓