Оқу – жаттығу ойдағыдай өтті
Арқалық. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран ұшырылу барысында апат бола қалған жағдайда, оның салдарын жою" тақырыбында ауқымды оқу – жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оған қаланың барлық күштік құрылымдары қатысты. Белгіленген уақытта қаладағы "Кооператор" дүкенінің жанына 100% топтасқан күш – көліктер дабыл түсісімен жаттығу шаралары өтетін Молодежный ауылын бетке алды. Нәтижесінде ауыл тұрғындары дер кезінде хабарлама алып, 399 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл іске 30 техника, 100 адам жұмылдырылды.