Тіркеу жеңілдеді

Мемлекеттік корпорация заңды тұлғаларды тіркеу саласында көрсететін мемлекеттік қызметтерден заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта бизнес) egov.kz  порталы арқылы тіркеу толықтай автоматтандырылды.Мысалы, ЖШС ашу үшін жаңа бастаған кәсіпкерге жарғы және тіркеу жарналарын төлеудің немесе мемлекеттік кірістер департаментіне барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Еgov.kz порталында ЖШС тіркеу кезінде нұсқауларды дұрыс орындаған жағдайда 30 минуттан аз уақыт кетеді. 
"Мәселен, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электрондық хабарлама "электрондық үкімет" веб-порталында толтырылады және беріледі," – деді «Азаматтарға арналған үкімет »мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай қаласындағы филиалының PR менеджері Ярослава Богатырева.
Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
"Тиісті ақпаратты толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығына тексеріс жасайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе мәліметті өңдеп, ЖШС тіркеу туралы ақпаратты 10-нан 30 минутқа дейін береді", – деп толықтырды корпорация өкілі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓