Жобаларды жүзеге асыруға не кедергі?

 Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісі өңірдегі инвестициялық жобалардың орындалу барысына арналды. акиммОблыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Байбосын Мурзиннің баяндағанындай, 2009-2014 жылдары, яғни, алғашқы бес жылдықта өңірде 122 жоба жүзеге асқан. Бұған барлығы 60 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Животноводство
         Облыста мал шаруашылығын дамытып, ет пен сүт өндірісін жандандыруда аталған инвестициялық жобалардың салмағы басым. Бастысы халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп, облыстың экспорттық әлеуетін арттыру. Бұл мақсаттта осы кезге дейін қыруар шаруа тындырылды. Шетелдерден асылтұқымды қара мал әкелу арқылы өңірдегі мал басы артты. Мәселен, 2010 жылы бұл көрсеткіш небәрі 7%-і құраса, күні бүгін оның көлемі 18%-ға жеткен.  Әсіресе, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысында алға ілгерілеушілік бар.Сыбага
         Бірақ, «бес саусақ бірдей емес» демекші, кей аудандарда мал шаруашылығын дамытуға деген немқұрайлылық байқалады.Біздің облыс астық өсірумен қатар төрт түлікті өсіруге аса қолайлы. Шаруалар осы мүмкіндікті лайықты пайдалана алмай отыр. Бір жағынан екінші деңгейлі банктер де кәсіпкерлерге несие беруге құлықсыз. Сондықтан, мәселе әлі де болса ашық күйінде қалып отыр.
       -Мемлекеттік бағдарламаларды орындауға асықпай жүрген аудан, қала әкімдері бұған жеке-жеке жауап береді, – деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов аппарат мәжілісінде,-Әр жоба өзінше құнды. Бұл дегеніңіз төскейді түлікке толтыру, сөйтіп, өнім өңдеу саласын жаңғыртуға жаңа бет бұру деген сөз. Әрі қаншама жаңа жұмыс орындары ашылар еді. Кеңес Одағы кезінде «Мал шаруашылығын екпінді түрде дамытайық» деген тәрізді ұран болатын, міне, осыны бүгін міндеттеу керек, бізге. Оны кейінге қалдыруға болмайды.молоко_2
       Рас, шаруашылықты алға бастыруда кейбір келеңсіз көріністер алдан шығады. Мәселен, Ресей рубьлінің құнсыздануынан мал өнімдерін өткізу қиындап кетті. Керісінше, сырттан толассыз тасымалданған сапасы күмәнді, бағасы арзан тауарлар сауда сөрелдерінде самсап тұр. Осының салдарынан отандық өнім өңдеуші кәсіпорындардың тауарлары қоймаларда сықасып жатыр. Бұл тұтастай алғанда ел экономикасына аса зиян шектірері даусыз. Соған қарамастан, қол қусырып қарап отыруға болмайды деді Н.Садуақасов.  Биылдың өзінде біздің облысқа Қытай, Италья, Түркия, Аустрияның бір топ кәсіпкерлері келіп, кетті. Олардың ойы-Қазақтың жерінде өз бизнестерін ашу. Бұл біздің өңір үшін таптыртпас мүмкіндік. « Мына іргедегі Орынборда аустриялық фирма ірі қасапхана салыпты. Онда күніне мыңнан астам мал сойылады екен. Ет комбинатын толық кәдеге жарату үшін мал базасы мықты болуы шарт. Сондықтан, шетелдіктер Ресеймен шекаралас аймақтағы біздің өңірге келіп, жағдайға қанықты»,-деді ол. Бұл да астықты өлкеде мал шаруашылығына ден қоюға жасалған оң қадамның бірі.
      Облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының айтуынша, үстіміздегі жылы Тобыл төсінде тағы қырық инвест.жоба іске қосылмақшы. Аймақ басшысы осы ауқымды  жобаларды жеделдетіп жүзеге асыруға тапсырма берді.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓