Нұралы Садуақасов: Мердігерлер өз жұмысын сапалы әрі мерзімінде аяқтауы қажет

Өңір басшысы Нұралы Садуақасов жұмыс сапарымен кеншілер қаласы Рудныйға барып, бірқатар нысандарды аралады. Алдымен, ат басын «Жас-Қанат 2006» ЖШС-не бұрып, хал-ахуалымен танысты.Изображение 010
Аталған кәсіпорынның іргетасы 2006 жылы қаланған-ды. Бүгінге дейін «Жас-Қанат 2006» ЖШС біраз жетістіктерге жетуде. Қазірдің өзінде жылына 172 млн. жұмыртқа өндіретін орын әр жыл сайын бірнеше қаржылық жобаларды іске асыруда. Изображение 002Соның нәтижесінде құс фабрикасы қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылып, жаңғыру үстінде.  Құны 1 млрд. Теңгеден астам қаржыға салынған фабриканың жағдайы көңіл қуантады. Директоры Қайрат Майшевтің айтуынша, негізгі қызмет түрі – тағамдық тауық жұмыртқаларын өндіру болып табылады.Изображение 023
2007-2014 жылдар аралығында өңірдің индустриаландыру картасының шеңберінде кәсіпорын замануи құс фабрикасын құру һәм жаңғыртуарқылы екі ірі қаржылық жобаны игеріп, 937120 бас құсқа арналған орын құрған. Соған сәйкес 20 тоннадан асатын азықтандыру цехы, сағатына 120 мың жұмыртқаны сұрыптайтын машина, тасымалдайтын «Анаконда» жүйесі, мекиен тауықтарға күтім жасайтын 10 ярусты торлы жабдық, құс сою жүйесі жабдықтары жаңартылады.
Міне, осындай жетістіктерге жеткелі отырған фабриканың болашағына ризашылық танытқан Нұралы Садуақасов келесі нысандарға тізгін бұрды. Изображение 030«Рудный цемент заводы» ЖШС-нің қазіргі жағдайы алаңдайтындай-ақ. Бірақ, бұл нақ үрей туғызатындай жайт емес екенін өңір басшысы өз сөзінде айтып өтті.
– Қазіргі күні серіктестіктің болашағы басты назарда. Сіздерге қажетті инфрақұрылымдық мәселе оңтайлы шешімін табады. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында бөлінген қаржыны да тиімді пайдаланып отырсыздар. Зауыттың тезірек іске қосылуына әлі де қаржы көлемі жетіспейтінін байқап тұрмын. Алдағы уақытта бұл түбегейлі шешілетініне сенімдімін,- деді Нұралы Садуақасов зауыт директоры Николай Ведерниковқа.Изображение 029
Содан соң ол қаладағы Горняк пен Строительный көшесінің бойындағы жылу жүйесі құбырларының күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын байқап, мердігерлердің жұмыс барысымен танысты.Изображение 031
Кезекті нысан – Октябрьдің 50 жылдығы көшесінің қайта жаңартылғанын, «Ақбұлақ» бағдарламасымен 3-ші су сору станциясы арқылы қаладағы бірқатар мөлтек аудандарға су құбырының тартылып жатқан жұмыстарын көріп, жай-жапсарын сұрады. Аталған жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын, мұны тікелей қала әкімшілігі қадағалауға алуын тапсырды.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓