Ақдәменнің ақ арманы

IMG_1082Өнерді өмірім деп білген актриса Ақдәмен Досанова тағдырының дәл осы жолмен жалғасқанына дән риза. Себебі, жүрек қалауымен қалаған салада жүру екінің біріне бұйырмаған бақыт. Ал бұл бақытын Ақдәмен апамыз аялай біледі.
Өнерге ешкім де бекерден келмес болар. Бұл қанмен дарып, бойға сіңетін ерекше қасиет. Ақдәмен апамыздың  әкесі Әбдуәли қасиетті Торғайдың Көкалат ауылынан. Ел басына қиындық туып, ашаршылық болғанда жолы түсіп, Алма-тыдағы туыстарының қолына кеткен де-седі. Осы жолда ол сол кездегі ел аста-насына барып, нағыз өнердің ортасынан бір-ақ шығады. Сахна саңлақтарының өнеріне қанып, әндерімен сусап өседі. Өзі де бір кісідей ән салатын. Отбасында бес қыз бен ұлды тәрбиелейді. Ал Ақдәмен апамыз бес қыздың ішіндегі қырмызысы еді. Десе де отбасында жайқалған бес қыздың бесеуі де өнерден құр алақан болмады.
Өнер әлеміне деген іңкәрлік отбасынан осылай басталса керек. Ата-ананың қа-лауымен ғана Алматыдағы технологиялық техникумда білім алса да, жүрек шіркін ән айтқанды қалап тұратын. Қазақтың халық әндерін әуелете жөнелгенде алдына жан салмайтын. Көзі жақұттай жарқырап, бал-бұл жанып айналасына ерекше нұр шашатын. Басты арманы – әнші болу бо-латын. Осылай жүріп, сахнаға алғаш шық-қан талапты қыз Торғайдағы Нұрхан Ах-метбеков атындағы мәдениет сарайы жа-нынан құрылған "Ғасырлар пернесі" ха-лық аспаптар ансамблінің құрамында ән орындады. Ең алғаш 20 жасқа толған туған күнінде аудандық мәдениет үйінде ән айтқан еді. Ол әлі қаз-қалпында есінде. Фольклорлық-этнографиялық ұжыммен бірге Африканың Мозамбик, Таяу Шығыс-тағы Сирия, Йордания мемлекеттеріне барып, қазақтың әндерімен қатар, Қыз Жібектің ариясын асқақтата орындап, ыстық елдердің ыстық ықыласына бөле-ніп, өнер айдынында жүргеніне 35 жыл болыпты.
Бірақ, әнші Ақдәменнің өмірінде елеулі өзгеріс дейтіндей сәт болды. Ол оның әншіліктен актерлік жолға келуі еді. Бірде Торғайда ансамбль мүшелігінде жүргенде, 1983 жылы аудандық халық театрында Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек" пьесасы қойылатын болып, басты рөлді сомдауға шақырту алды. Осылайша тұла-бойын-дағы талантының асыл тұстарын қырлап, өзіне өзге талап қоя бастады.
1991 жылы Торғай облыстық қазақ сазды-драма театры қайтадан ашылған-да, кәсіби актерлермен бірге сол құрамға ол да қабылданды. "Қалқаман-Мамыр" спектаклінде қалмақ қызы Сәнәйдің рөлін сомдап шыққандағы жүрек толғанысы әлі есінде. Содан бастап оның театр сахна-сындағы жаңа өмірі басталады десе де болады. Жаңа 1992 жылы Арқалық театрында өмірлік жары Қабдол-Мәжит Имановты кездестіріп, олар шаңырақ көтерді. Жар атанса да ана атану арманға айналған кездер болғанын апамыз бүгін жасырмайды. Ұзақ күткен перзентін ол 35 жасында сүйді. Өнерлі отбасы жалғызда-рына Жәнібек есімін беріп, бар ілтипат, ата-аналық махаббаттарын баласының бойына құя білді. Ата-ананың жолын қуған, үмітін ақтаған Жәнібек оқуға грантқа түсіп, қазір Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде студент.
ҚР Мәдениет қайраткері Қабдеш аға мен Ақдәмен апа Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында жемісті еңбек етіп келеді. Ақдәмен апамыздың жүрекпен ойнаған бейнелері жүректерге жетті. Жоғары кәсіби шеберлігімен көрермен-дерін әркез өзіне тарта білді. Үздіксіз шы-ғармашылық ізденіс, шебер орындау-шылық қасиеті үнемі даралап тұратын. Актриса "Ей, адамдарда" – Ұмсындық, "Құдашада" – Шамсия, "Заңды некеде" –  Қарлығаш, "Бір қазаққа – бір қатында" – Аня, "Қыз жылағанда" – Қатша, "Айман-Шолпанда" – Теңге, "Жанпидада" – Көктұрсын, "Бір түп алма ағашында" – Ләйлә, "Амурдың әле-гінде" – Асма, "Мәңгілік бала бейнеде" – Шөкіш, "Пай-пай, жас жұбайлар-айда" – Ләззат, "Қыз Жібекте" – Қамқа, "Құда-ларда" – Көкіш, Бәтес, "Күшік күйеуде" – Гүлжамал, "Махаббат пен кесапатта" – көрші әйел, "Келіндер көтерілісінде" – Бустан, "Дала шамшырағында" – Қатыш, "Жеңгетайда" – Толымгүл, "Міржақыпта" – Күмән, "№13-те" – Гледис, "Тіл табысқандарда" ауыл әйелі Болдуқан образдарын шеберлікпен сомдады.
Өмірден өз орнын алса дағы, қазақ әйелінің басты арманы ұрпақ тәрбиелеп, мәуелі бәйтеректей болу. Ақдәмен апамыз да бүгін елудің бесеуіне жетіп отырған шақта жалғызының қызығын отағасымен бірге көргісі келеді. Ұлтым, өнер деп соққан нәзік жүрегінің түкпірінде ене атанып, әже болсам деген арман жатыр. "Сонда бар білгенімді сол кішкентай қара домалақ-тардың бойына дарытар едім" деп, сүйкімді жымиып қояды. Бұл актрисаның басты арманы екенін тебіренісінен-ақ сезінгендей болдық.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓