Экономикалық дағдарыс кезінде кәсіподақтар ұйымының рөлі зор
Қостанайға ат басын тіреген Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов өңірдегі кәсіпордақ ұйымдарының төрағаларымен, жұмыс берушілермен және жергілікті билік өкілдерімен алқалы жиында бас қосты.
Биыл Қазақстан Республикасының кәсіпордақтар Федерациясына 25 жыл толды. Маусым айында өткен XXIV съезде Федерацияның осы уақыт ішінде атқарған жұмыстарына қорытынды жасалды. Алқалы жиынға 21 мемлекеттің өкілдерінің қатысуы бұл ұйымның қазіргі қоғамдағы орынын айқындаса керек. Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде, жұмысшылар құқығын қорғауда және еңбек дауаларын шешу міндеті жүктелген кәсіподақтар ұйымдарының рөлі арта түспек. Еңбек кикілжіңдеріне жалақы төлемдерінің уақытылы жүргізілмеуі, ұйымдық келісім талаптарының орындалмауы себеп болып жатады. Қайрат Айтуғановтың айтуынша, бұл мәселе Федерацияның қатаң бақылауында. Әр ай сайын еңбек дауларының картасы жасалып, туындаған мәселені шешудің жолдары қарастырылады екен.
Бір қуантарлығы, соңғы бес жылда Тобыл өңірінде еңбек дауы тіркелмеген. Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев бүгінгі күні өндірістік процестерді тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында 6 мыңнан астам меморандумға қол қойылғандығын айтады.
Республикадағы кәсіподақтар ұйымы «Қазақстан жолы-2050», «100 нақты қадам» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына белсенді араласуда. Өткен жылы қабылданған кәсіподақтар туралы заң бұл ұйымдардың іс-әрекетіне заңнамалық тұрғыдан жаңа серпін берді. Биыл алғаш рет елімізде Еңбек күні аталып өтеді. Бұл күні Елбасы ұзақ жылдар маңдай терін төгіп, еңбектенген азаматтарға ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерін және «Еңбек ардагері» медальдарын табыс етпек. «Еңбек даңқы» орденінің үш дәрежесін иеленген адам «Еңбек Ері» атағымен теңестірілетін болды.

Махаббат Бекбай