Әдеп Кодексі қабылданбақ…

nurotan-news-1434715692

Облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалында  өткен кезекті отырыс аясында  партиялық  бақылау комиссиясының инспекторы  Бауыржан Сабыржан  үстіміздегі жылғы қыркүйек айында  партия мүшелеріне арналған  Әдеп Кодексі қабылданатындығын, қазіргі таңда партияның  әр аймақтағы филиалдарында, бастауыш партия ұйымдарында  жобаның талқыланып жатқандығын, сондықтан партияның мүшелері өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын айтып, өзгерістер енгізуге мүмкіндік  бар екенін жеткізді. Инспектордың айтуынша, Әдеп Кодексі  жобасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясына сәйкес  әзірленді. Кодекс жобасында   Конституция мен елімізде қабылданған  Заңдарды,  партияның бағдарламалық құжаттарды, тәртіпті сақтау мен бұзбау, Елбасы айқындаған мемлекеттік бағытты, патриотизмді нығайту, алға қойылған міндеттерді орындау деген секілді  ережелер бар, олардың саны он тоғыз.
 
Гүлназым САҒИТОВА 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓