ЖАҢА ӨНІМ – ТАБЫС КЕПІЛІ

Қазақтың дархан даласы қазба байлықтан кенде емес. Менделеев таблицасындағы барлық пайдалы жер қазынасымен мақтана алады. Алысқа бармай-ақ өзіміздің Қостанай өңірін алсақ, мұнда темір, көмір, никель, алюминий, марганец, хром, мыс, алтын мен күмістің мол кені барланған. Оны халықтың игіліне жұмсау – бүгін мен болашақтың еншісінде. Сондықтан Елбасының сындарлы саясатының арқасында облыстың өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Қазақстанның бір орында тоқтап қалмай бәсекеге қабілетті болуы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: – Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан, мейлінше, аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз, – деген болатын.ZFV_6494
Бүгінде Қостанай облысының индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында Металлилектеу зауыты қарқынды дамып, 600 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауыт жылына 75 тонна метал балқытады. Ал жуырда жүзеге асырыла бастаған инвестициялық жобаның арқасында өнімнің сапасы мен түрі арта түспек. Жоба бойынша өндіріс орнында Мәскеудің «Внииметмаш» ғылыми институты жасап шығарған шар илемдейтін станок орнатылып, алғашқы сынақтан өтуде. Құрылғы шілде айының ортасынан бастап толық жұмыс режиміне көшеді деп жоспарланған. Оған дейін жергілікті мамандар мәскеуліктермен тәжірибе алмасуда.ZFV_6569
– Жаңа жабдық кәсіпорын басшысы Береке Мұхаметқалиевтың инвестициялық бағдарламасы шеңберінде сатып алынды. Ол жұмсалған шығынды толығымен өтейтіндігіне күмәніміз жоқ. Сонымен қатар сауда нарығында сұранысқа ие темір илемдерімен қатар шар ұсынуға мүмкіндігіміз бар. Шар барлық техникалық талаптар мен сапа стандарттарына жауап береді, – дейді зауыт басшысы Алексей Ильин.
Жаңа құрылғы толығымен автоматтандырылған, басқаруға оңай. Мысалы, темірді балқыту процесі мен темірдің температурасын арнайы аспаптар қадағалайды. Бүгінгі таңда 16 маман осы жаңа станокта жұмыс істеу үшін арнайы оқудан өтіп жатыр. Алдағы уақытта зауыт жылына 28 мың тоннаға жуық шар дайындайтын болады. Өндірістің технологиялық процесі мынадай: алдымен темір балқытылып, шар пішінге енеді де одан соң суытылып сапасына қарай іріктеледі. Дайын болған шарлар фабрикалық кешенде кенді ұсақтау үшін диірменде пайдаланылады. Шардың салмағы 295 грамм, ал көлемі 30-60 см. Беріктігіне қарай 4-ші топқа жатады. Жақын күндері шар илемдеу құрылғысы өзінің алғашқы өнімін жасап шығармақ.ZFV_6722
«Внииметмаш» ААҚ өкілі Владимир Котеноктың айтуынша, зауытқа орнатылып жатқан жаңа шар илектеу станогы сапасы жағынан шетелдік аналогтарынан еш кем түспейді. Өнімін әлемнің көптеген елдеріне экспорттайтын ресейлік зауыттың 50 жылдық тарихы бар. Ондағы мамандар да өз ісінің нағыз білгірлері. Сондықтан «ССКӨБ» АҚ көп ойланбастан осы зауыттың жабдығын сатып алуды шешкен. Рудныйлық кен алыбы жаңа құрылғының арқасында өз сұраныстарын қанағаттандырып қана қоймай, сауда нарығына да шығуды жоспарлап отыр. Зауыттың шар дайындау станогы толық жұмысқа кіріскеннен кейін ірі-ірі кәсіпорындармен өнімді сатып алу туралы келісім-шарттарға қол қоятын күн де алыс емес.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓