36 жетімге пәтер кілті табысталды

Мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту ісі жүйелі жалғасын табуда. 2006-2014 жылдар аралығында, ұзын-ырғасы, 316 азаматқа пәтер кілті табысталыпты. Ал, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 36 жетім қоныс тойын тойлады.жетимге уй
Билік тарапынан жасалмақ бұл игілікті іс 2015-2018 жылдар аралығында мейлінше қарқынды жүрмек. Жаңадан үйлер тұрғызылып, ескі иесіз ғимараттар жөнделеді. Жетімдерді баспанамен қамту турасындағы мәселенің жүгін жеңілдетуге бюджет қамбасы және демеушілердің жомарт алақаны септік тигізбек.  Мәселен, биыл, бас-аяғы, 83 адамға үй берілсе, 2018 жылы бірден 147 қамкөңіл жандар қолына пәтер кілті берілуі тиіс деп көзделуде.
Облыстық білім басқармасының берген мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде 251 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың басыбайлы баспанасы бар. 2645 жетім-тастанды жеткіншек кезекте тұр.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓