Тәу етер тәуелсіздіктің тірегі
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Тәу етер тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қазақ тарихында 1992 жылы Елбасының Жарлығымен еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілген болатын. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұранның сипаттамалары мен ресми пайдалану тәртібі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы" заңмен белгіленгенді. Бұл Заң 2007 жылдың 4 маусымында күшіне еніп, содан бері ресми айтулы патриоттық күнге айналды. Әрбір жас ұрпақ осынау күнді ерекше қастерлеп, тәуелсіздіктің символы ретінде қарап келеді. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін!",– деген асқақ рухты сезімге толы сөздері дәлел.
Міне, осы рухта әлемнің назарын өзіне аударып, керегесі кең, терезесі тең, ынтымағы жарасқан еліміз тарих сахнасында асу-асу жондарды, биік-биік белестерді бағындырумен келеді. Лайым, баянды болғай!
Нұрболат
МЕШІТБАЕВ
Коллажды жасаған: Денис ВЛАСЕНКО.