Қарабалықта газ құю бекеті ашылды

Бекет «Алматы-Екатеринбург» тас жолы бойында еңсе түзеді. Ең алғашқы газ құю бекетінің сыйымдылығы – 15 текше метр.газ
Мұны инновациялық бизнес-жоба деуге болады. Өйткені бұл – осы аудандағы бірегей нысан. Басшысы – Темран Эсуев атты жергілікті кәсіпкер. Бекет ашуды ол былтыр ойластырыпты. Бірақ алғашқыда идеяны өз қаржысымен іске асыруды жоспарлап, жоба жан-жақты жұмырланғанша жылға таяу уақыт өткізіп алыпты.  Кейін жергілікті билікпен тізе біріктірген. Жалпы, бұл бекетті салу қажеттіліктен туындаған ой екенін айтады ол. «Алматы-Екатеринбург» тас жолымен өтетін көліктердің көбі газ жағады. Осы уақытқа дейін ондай машиналар үшін көгілдір отын бекеттерінің арақашықтығы тым алыс болатын. Көрші мемлекеттен кейінгі бекет Федоров ауданы аумағында болған еді. Енді Қарабалық қашықтықты «қысқарта» түсті. Өткінші көлік иелеріне қызмет көрсете алады. Тағы бір ғанибеті – жергілікті 4 тұрғын жұмыспен қамтылды.   
 
Жандос Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓