Қазақ-Австрия байланысы нығая түспек
Қостанайға Австрияның Қазақстандағы елшілігінің сауда жөніндегі хатшысы Михаэль Мюллер бастаған делегациясы келді. Шетелдік меймандар Қазақстанда, оның ішінде біздің облыста бірлескен кәсіпорын құрып, ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеуге ынталы. Австриялық кәсіпкерлер қазақ даласында асылтұқымды мал өсіретін ферма ашып, ет пен сүт өндіруге ниет білдіріп отыр. Сондай-ақ, шетелдіктер өнім өңдеу саласына да ден қоймақшы.
Базыл Жақыпов өз кезегінде астықты өңірде ауылшаруашылық бизнесін дамытуға барлық жағдай жасалғанын алға тартты. Егер нақты ұсыныстар болса, қабылдауға әзір екендігін жеткізді.
-Екі жақты келісімдер өз жемісін береріне сенімдімін. Қостанай облысы еліміздегі ең ірі аграрлық өңір болып есептеледі. Мәселен, біздің облыс жылына 5 млн.тонна астық өндіреді. Үстіміздегі жылы мемлекет тек қана ауылшаруашылық саласына 100 млн. АҚШ долларын бөлді. Тобыл өңірі инвестиция салып, кез келген бизнесті өркендетуге аса қолайлы. Сондықтан, кездесу нәтижелі болады ғой деп ойлаймын,-деді облыс әкімінің орынбасары.
Кездесуден кейін шетелдік іскерлік топ Қостанай ауданындағы «Тэрра» шаруа өожалығы мен Федоров ауданындағы «Тұрар» ЖЩС, Қостанайдағы «Милх» ЖШС аралап көрді.
Айбек КӘДІРҰЛЫ