Ә.Смайылов: “Газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді”

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында табиғи және тауарлық газдың бағасы екі жыл бойы 2021 жылғы баға деңгейінде сақталатынын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ішкі нарық қосымша 150 мың тонна көлемінде сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етілетін болады. Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін өткен жылғы желтоқсан деңгейінде бекітілетін болады», -деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ ол тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатынын жеткізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓