Жұмыссыздарға жол ашқан бағдарлама Қостанай қаласында да қарқынды жүзеге асырылуда

56251faf6d61adc897c061a3c30ab153Бүгінде еліміздегі екі қолға бір жұмыс таба алмай жүрген кез келген жанның “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасына қатысуына болады. Онда көптеген мемлекеттік қолдау механизмдері бекітілген. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz сайтынан алуға болады!

Бүгінде “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының арқасында облыс орталығында жүздеген жұмыссыз кәсіп тауып, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылса, жастар тәжірибесі бойынша да еңбекпен қамтылып, кәсіптік даярлау, қайта даярлау курстарынан өту сияқты ауқымды жұмыстар жалғасын табуда…

IMG_0798Қостанай қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Серік Мүсәпіровтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері игі бастама жайында білмек болып, орталыққа жүгінген 475 адамның бәрі бүгінде бағдарлама қатысушысы атанған көрінеді. Тарқатып айтар болсақ, 302 адам жұ-мыспен қамтылып, 173 адам кәсіптік оқытуға жіберілген. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру мақсатында 72 ұйыммен келісім-шарт жасалған. Сондай-ақ, бағдарламаның үшінші бағытындағы жұмыс берушінің қа-жеттілігі шеңбе-рінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша биылғы жылы 130 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, ал 150 адамды қайта оқыту, 15 адамды кәсіптік даярлықтан өткізу, 16 адамның біліктілігін арттыру жоспарланған болатын.

IMG_0793 Бірақ, жыл басынан бері 214 адам “Костанай-энергоимпульс”, “Бауыржан и Н”, “Hotel Целинный”, “Сарыарқаавтопром” жауапкершілігі шектеулі серік-тестіктері мен “Халықова” жеке кәсіпкерлігі, “Үміт-На-дежда” қоғамдық қоры сияқты басқа да кәсіпорындарға әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды. Бұл мақсатқа, яғни әлеуметтік жұмыс орындарына тартылатындардың еңбекақысына деп республика бюджетінен 25 млн. 525 мың теңге бөлінсе, 22 сәуір-ге дейін соның 4 млн. 733 мың теңгесі игерілді. Соны-мен қатар, қаламыздағы “Құрылыс колледжі”, “Тұр-мыстық қызмет көрсету колледжі”, “Кәсіптік-техникалық колледжі”, “Құрылыс-техникалық колледжі”, “Автомобиль транспорты колледжі”, “Индустриялдық-педагогикалық колледжі” сияқты алты білім ошағымен келісім-шарт жасалды, – дейді Серік Тұяқұлы.

Бүгінде аталған білім ордаларына 157 адам тігін-шілік, аспазшы, сатушы, слесарь-электрик, кірпіш қа-лаушы, электр-газдәнеркерлеуші сияқты түрлі мамандықтарға қайта даярлау курстарынан өтуге жіберілген көрінеді. Оқыту мерзімі үш ай және бағдарлама қатысушыларына 12 188 теңге көлемінде шә-кіртақы да төленеді екен. Жалпы, биыл оқытуға және қайта даярлау курстарынан өтуге Қостанай қаласына республика бюджетінен 13 млн. 944 мың теңге бөлінген, соның бүгінде 9 149,4 мың теңгесі игеріліпті. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап қала бойынша 16 адам бухгалтер, электргаздәнекерлеуші, электрмеханик мамандықтары бойынша біліктіліктерін арттыруға жіберілген, бұл мақсатқа 496,0 мың теңге бөлінген. Ал, адамдарды кәсіби даярлауға бөлінген қаражат көлемі 1 млн.579 мың теңгені құрап отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓