Саябақтар сәнделуде
Яғни, сәндеу деп отырғанымыз, саябақтардың ішіндегі ағаштардың артық жерлері кесіліп, арамшөптері жұлынып, тамырлы гүлдер егіліп, оны күту жұмыстары жандана түсті. Бұндай абаттандыру жұмыстарымен жақында мемлекеттік тапсырысты ұтып алған «Богнат» жеке кәсіпкерлігі айналысып жатыр. Оның жетекшісі Багит Ареновтың айтуынша ауданға бас-аяғы 40 мың тамырлы гүлдер егіледі. Бүгінде бұған 15 адам жұмылдырылған.
Мінеки, осындай қалпына келтіру жұмыстары толықтай тәмәмдалған соң,өңір саябақтарына сән кіріп, алыстан «мен мұндалап» тұратын болады. Оған барғандардың көңілі жәй тауып, демалып, гүлдердің хош иісімен тыныстап, бір ерекше сезімге бөленбек.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.