Баспаналы болудың 5 жолы

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Сара Құрманғожина Tengrinews.kz тілшісіне "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың 5 жолын атап берді.  баспанаМаманның айтуынша, бұл бағдарлама бойынша баспаналы болғысы келетіндерге қойылатын талаптар оның бағыттарына тәуелді. Ал бұл – негізгі 5 бағыт.
"Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру – бұл бағыт бойынша кез келген адамның мемлекет тарапынан жеңілдетілген ипотека алу арқылы бастапқы жаңа баспана сатып алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттің субсидиясы арқылы түпкілікті тұтынушы ипотеканы 10 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы өтейтін болады", – дейді Сара Құрманғожина.
Оның айтуынша, екінші деңгейдегі банктерден қарыз алу үшін сатып алынатын жаңа пәтердің жалпы құнынан кемінде 30 пайыз мөлшерде қаражат болуы қажет. Сонымен қатар, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінен басқа бактерге қаражаттың орнына баспана сатушыға қаражат төлеу туралы растайтын құжаттары немесе басқа жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға болады. 
Субсидиялауға жататын ипотеканың ең жоғарғы сомасы Алматы және Астана қалаларында – 20 ммиллион теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін шектелген.
Маманның айтуынша, екінші бағыт – жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру. "Бұл бағыттың талаптары – құрылыс салушы компанияның екінші деңгейдегі банктерден тұрғын үй құрылысына алынатын кредиттері мемлекет тарапынан "Даму" қоры арқылы жеңілдетілетін болады, яғни кредитті 10 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен өтейтін болады. Субсидияланған кредит алу үшін құрылыс салушы салынған тұрғын үйдің кемінде 50 пайызын бекітілген баға бойынша Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында – 260 мың теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 220 мың теңгеге дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің салымшыларына сатып алуға ұсынуы және 600 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй іске қосу шарт", – дейді спикер. 
Ал үшінші бағыт – Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізілетін кредиттік тұрғын үй салу. Оның негізгі талаптары: Бұл бағыт әкімдіктер тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің салымшылары және әкімдіктерде кезекте тұрған банктің салымшылары үшін қолжетімді кредиттік тұрғын үй салуға арналған. 
"Бағдарламаға қатысушыларға жылдық 5 пайыздан кем емес мөлшерлеме бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын кредит беру тәртібі мен талаптары банктің ішкі құжаттарымен айқындалады. Кредиттік тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін салу мен өткізудің бағалық параметрлері: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында – 180 мың теңгеге дейін; қалған өңірлерде – 140 мың теңгеге дейін болуы қажет. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 80 (+5 пайыз) шаршы метрден аспауға тиіс", – дейді ол.
Сондай-ақ, осы бағыт шеңберінде өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға рұқсат беріледі екен.
4-ші бағыт: Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру. Маман осы бағыттың талаптарына тоқталды:
"Бұл бағыт бойынша салынатын баспана әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін сатып алуынсыз жалға беріледі. Жалға берілетін тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін бағалық параметрлері: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында – 180 мың теңгеге дейін; қалған өңірлерде – 140 мың теңгеге дейін болуы қажет. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысының құнынан асатын шығындар өтеледі, сондай-ақ сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй салуға және реконструкциялауға жол беріледі. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 65 (+5 пайыз) шаршы метрден аспауға тиіс", – дейді комитеттің бас сарапшысы.
Ал соңғы, бесінші – жеке  тұрғын үй құрылысын дамытудың талабы келесідей: 
"Жеке тұрғын үй салу мақсатында әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін жыл сайын бюджеттен құрылыс аудандарына қажетті инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту үшін қаражат бөлініп тұрады. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап әкімдіктер тарапынан жеке дайын тұрғын үйлер салынып жер учаскесіне кезекте тұрған адамдар үшін сатып алуға ұсынылады".
Маманың айтуынша, бұл үйлерді кешенді, бірыңғай сәулеттік стильде, жергілікті материалдарды немесе үй құрылысы колмбинаттарының технологияларын қолдану арқылы салуға басымдық беріледі. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу және өткізу құны 120 мың теңгеден аспауға тиіс екен.
Тұрғын үйдің жалпы құнына сумен және электрмен жабдықтау желілеріне қосу нүктесінен тұрғын үйге дейін желілер жүргізуге арналған шығындар қосылады. Құрылыс құнын толық төлеген кезде жер учаскелері кезекте тұрғандарға жеке меншікке беріледі.
Еске салайық, "Нұрлы жер" бағдарламасы 2017-2031 жылдарға арналған. ҚР Президентінің тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет "Нұрлы жер" бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓