Төлқұжат пен куәлік тез беріледі

Елімізде 1 сәуірден бастап төлқұжат пен жеке куәлік екі жұмыс күнінде беріледі. 
Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, 1сәуірден бастап Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжат шығару орындары болған соң құжаттар енді екі жұмыс күнде жасалады. Басқа облыс орталықтарында 4 күнде беріледі.WMJ4XSko2RAБұған дейін құжат дайындау орталықтары Астана мен Алматыда ғана болған. Сол себепті құжаттарды дайындау көп уақытқа созылып кететін. Осыған байланысты кейбір облыстарда жеке куәлікті беру уақытын қысқарту үшін жаңа орталықтар ашылған.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓