Міне, бұршақтың көкесі!
Сарыкөл ауданының Комсомольский ауылында ірі бұршақтар жауды. Бұл жайлы Tengrinews.kz.сайтында жария болды.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, жауған бұршақтың диаметрі бес сантиметр шамасында. Олар бұршақты суретке түсіріп, тауық жұмыртқасымен салыстырған. Көлемдері шамалас болды.
Айта кетерлігі, мұндай көлемді бұршақ Қазақстан аумағында бұған дейін тіркелмеген.
Бұл – Сарыкөл ауылындағы соңғы екі аптада жауған екінші "табиғат ғажайыбы".