Газ келетін күн жақын
Қараша айында мердігер Әулиекөл ауданында газ тарату желілерінің құрылысын аяқтауға уәде берді. Бұ туралы Әулиекөл ауданы әкімдігінің жеке парақшасында жазылды.
Аудан орталығында жалпы сомасы 1,5 млрд теңге болатын ұзындығы 123 шақырым газ құбырының құрылысы бойынша жобаны іске асыру жалғасуда. Биыл бұл мақсатқа 921,6 млн теңге бөлінген. Мердігер "ПКС Гарант Качества XXI" ЖШС барлық жұмыстарды 2019 жылдың қараша айында аяқтамақ. Бұдан басқа, мердігер "Стройгазкомпани" ЖШС Чернигов ауылын қосып, Әулиекөл ауылынан Құсмұрын кентіне дейін газ құбырының құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастады. Жұмыстың жалпы құны – 4 млрд теңге. Биыл 111,1 млн теңге қарастырылған.