Көпірдегі кездейсоқтық

менЖаз.
Кеш.
Сырты қаланың.
Өзен.
Ағыс екпінді.
Биік көпір.
Екі қыз.
Емес олар тек құрбы –
Танымайды бір-бірін, бір-бірінен шет тұрды:
Бірі өмір, ал бірі өлім іздеп кеп тұрды.
 
Екеуі де – жалғыздар; Қашып шыққан қоғамнан;
Екеуі де шуақты шақты аңсайды жоғалған;
Екеуі де жуырда ғайып болмақ ғаламнан –
Бұдан басқа ұқсастық табылмайды олардын.
 
Бірі безбек тірліктен, жаппақ фәни есігін –
Сүйгеніне өкпелі… өзгретпейді шешімін!
Бірі құштар өмірге, аса қымбат әр демі,
Бірақ оған науқасы бере алмайды кешірім…
мост
Көзі жасты бірінің,
Бірінікі – құп-құрғақ.
Бірі қаза арқылы «жұртқа парқын ұқтырмақ».
Ал біреуі – еркіндік іздеп шыққан бейшара
Емхананың бөлмесі тастағалы тұтқындап.копир
 
Біреуі үшін өмірдің қалмағандай дым мәні,
Ал бірінің көп қызық көргісі бар күнді әлі…
…Ай, зымиян дүниям!
Ащысың-ау, тәттісің! –
Кімге бақыт мекені, кімге қайғы зынданы!
 
…Бұл кештен соң бірінің тілейтіні – абат-нұр,
Бұл кештен соң біреуі тамұқ түнін қалап тұр.
Бағалы да бағасыз ӨМІР дейтін тылсымға
екі тағдыр – екі қыз екі түрлі қарап тұр!
 
Жандос Жүсіпбек
 
 

 

 

You may also like...

1 Response

  1. Дана айтты:

    Ерекше, жақсы жазылған!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓