«Online Expo-2017» байқауының қатысушылары қатарында қостанайлық бар

Қазақстандық инноваторлар энергия тиімділігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты өз шешімдерін ұсынуда. «Online Expo-2017» байқауына қатысушы отандық өнертапқыштар дәстүрлі энергетиканың баламалары және табиғатқа күтіммен қараудың жолдары әрқашан қымбат және пайдаланылуы қиын болуы шарт емес дегенге сенімді. Қазірдің өзінде Қазақстанда іс-тәжірибе жүзінде пайдаланылып жатқан отандық жобалар осыған айғақ.
Жақында,  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Салтанат  Рақымбекованың, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Контент және тұрақты даму жөніндегі департамент директоры Айдар Мараттың қатысуымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің тақырыптық мазмұны туралы" тақырыпқа арналған брифинг өтті.
 Айдар Марат өз сөзінде ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ұлттық павильонның тұжырымдамасы аясында ең жаңа технологиялар көмегімен және еліміздің энергетикалық әлеуетін кеңінен ашып көрсету  арқылы көрмеге келушілерді Қазақстанның жерімен, мәдениетімен, тарихымен, бүгінгі жағдайымен және келешегімен таныстыру мәселесі қамтылғанын атап өтті.
А.Марат көрменің символдық орталығы Үздік тәжірибелер аймағы (eBPa) болатынын, онда энергетика саласында сәтті ендірілген әдістер, жобалар мен технологиялар таныстырылатынын тілге тиек етті. «eBPa аймағы көрменің символдық орталығына айналады, онда электр энергиясын өндіру, сақтау және пайдалану, климат өзгерісімен күресу немесе дамушы елдерде электр энергиясын қолжетімді ету секілді тұрақты энергетиканың түрлі салаларына қатысты ең үздік технологиялар, жобалар мен стратегиялар таныстырылатын болады», –  деді ол.
Сондай-ақ, брифингке «Online Expo-2017» байқауына қатысып отырған қазақстандық ғылыми-техникалық жобалардың авторлары қатысты. «Жасыл» инновациялар мен жобаларды іріктеп алуға арналған «Online Expo-2017» республикалық байқауы ЭКСПО-2017 көрмесінде ең үздік жұмыстары көрсетілетін ғалымдар, өнертапқыштар мен инновациялық кәсіпкерлерге арнап өткізіледі.
«Байқаудың басты мақсаты – отандық өнертапқыштарды өз жұмыстарымен таныстыруға, ноу-хауларымен бөлісуге ынталандыру. Байқау оларға өз жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторлар табуға өте жақсы мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл ынтасы жоғары өнертапқыштарға новаторлар ретінде өздерін танытып, «гаражда жасалған өнертабыстар» деп аталатын дүниелердің дамуына қозғау салады», – деп атап өтті Салтанат Рахымбекова, «Астана ЭКСПО-2017»  ҰК» АҚ басқарушы директоры. Осы ретте байқауда жоғары технологиялық және көп еңбектi қажетсiнетiн жобаларға қоса,  қоғам үшiн үлкен маңызға ие қолжетiмдi әрi орындап шығарылуы оңай қарапайым әзiрленiмдер де ұсынылып отыр.DSCN1164
Байқауға қатысушылардың бірі, Қостанайдың биологы Валентина Ободовская мамықты түзбейтін теректі сұрыптап шығарды. Осы теректер отырғызылған саяжол Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі аумағында қазір жайқалып өсуде.DSC00524
«Қазіргі таңда теректерді олардың мамығына байланысты көбісі отырғызғысы келмейді немесе бұл ағаштарды кесіп тастайды, мұндай әрекетке баруға мүлдем болмайды, өйткені терек ауадағы ластануларға ең төзімді ағаш болып табылады. Терек автокөліктерден, өндірістен шығатын газдардың, зиянды заттардың орасан зор көлемдеріне төзімді келеді. Менің терегімнің қарапайым теректен ешқандай айырмашылығы жоқ, алайда ол өзінен мамық бөлмейтіндіктен, оның берер пайдасы көбірек», – деп атап өтті Валентина Ободовская._DSC9159
Арман Ақмұханов «Шыңғысхан» атты жел қондырғысын ойлап тапты. Механизмі балалардың ойнайтын зырылдауығына ұқсатып бірегей тәсілмен құрастырылғандығының арқасында «Шыңғысхан» қондырғысы желдің кез келген күшінде электрді өндіре алады. Қондырғының өзінің құны 30 000 АҚШ долларынан аспайтын болады, осы ретте шетелдегі осыған ұқсас қондырғылардың бағасы шамамен  350 000 АҚШ доллар  тұрады. Қазiр Қазақстаннан шыққан әзiрленiм АҚШ Мемлекеттiк департаментi қаржыландыратын «GIST TECH-I» Инновациялар халықаралық байқауындағы ең үздiк 15 стартап-жобаның iшiне кiрдi. Байқауға әлемнің  74 елінен кәсіпкерлер қатысуда.
Көптеген елдердің алдында қазіргі күні сынаптың әсерінен болатын ластану аса өткір экологиялық мәселе болып отыр. Құрамында сынабы бар енді ары қарай жұмыс жасауға жарамсыз болып қалған аспаптар мен бұйымдар осындай ластануға әкелетін себептердің бірі болып табылады. «Жер, металлургия және байыту туралы ғылымдар орталығы» АҚ-ның Вакуумдық процестер зертханасының меңгерушісі Сергей Требухов осындай шамдарды кәдеге жаратудың экологиялық қауіпсіз тәсілін ойлап шығарды.Қазіргі таңда жоба «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-нан грант алған. Енді инноваторлар өнертабысты келешекте өнеркәсіпте пайдалануға мүмкіндік беретін өндірістік телімді «Астана – Жаңа қала» Еркін экономикалық аймағында салуда. Кәсіпорын жылына 1,5 миллионға жуық шамды кәдеге жарата алатын болады деп жоспарланып отыр.
ЭКСПО қарсаңында ұйымдастырылып отырған байқау инноваторларға өз жобасын жариялау үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Қазіргі күні «OnlineExpo-2017» байқауына қазақстандықтардың атынан шамамен 450-дей өтінім келіп түскен. Осындай байқау ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін  жыл сайын өткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары өтетін Болашақ энергиясы форумы шеңберінде Шағын ЭКСПО көрмесін өткізу жоспарланып отыр.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓