Алтын көріп, жолдан тайған

Қостанай қаласындағы «Рубин» зергерлік салонына жасалған қарақшылық шабуылға қатысты сот отырысының соңғы нүктесі қойылды.
Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Қостанай облыстық сотында шабуыл жасағандардың бірі Мұратбек Баудаулетовке үкім шығарылды.
Оқиға 2012 жылдың қараша айында болған еді. Төрт сыбайласымен  М.Байдаулетов «Казахювелир» АҚ-ның Қостанайдағы филиалы «Рубин» зергерлік салонын тонаудың жоспарын құрған.алтын
Содан кейін әр қайсысы өзіне жүктелген міндетті орындауға кіріседі. «Рубиннің» ішіне енген 5 жігіт сөрелерге қарай ұмтылады. Қылмыскерлердің бірі сөрелердің қасында тұрған күзетшіге оқ атып, қалғандарына тырп етпеуді талап етеді. Одан кейін салонға кірген  М. Байдаулетов дәлізде тұрып, ондағы қызметкерлерді шолақ мылтықпен қорқытқан. Ал, ол кезде тонаушылар сөрелердің шынысын  сындырып, ондағы зергерлік бұйымдарды қап-сөмкеге салып алған.
Мамандандырылған ауданаралық сот шешімімен төрт жігіт 10 жылға  бас бостандығынан айырылған еді. Олар жазаларын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтеуде. Ал Мұратбек Байдаулетов қашып жүрген еді. Құрыққа түскен ол да 10 жыл бостандығынан айырылды.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓