Зардап шеккендер анықталуда
Құрметті азаматтар! Қостанай облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы Қостанай облысы бойынша «ФИНИКО» қаржы пирамидасының филиалы басшылығына қатысты ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлімі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер анықталуда.
«ФИНИКО» қаржы пирамидасына қаржы салған және алданған тұлғалар болса, Қостанай облысы полиция департаментінің тергеу басқармасына жүгінулеріңізді сұраймыз.
Зардап шеккендер болса, мына мекен-жайға хабарласуына болады:
Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 197, Қостанай облысы ПД, сондай-ақ 8-708-685-69-33, 8 (7142) 52-61-35 (тергеуші Е.С.Орымбаев).