Балалардың жазғы демалысы басшылық назарында
Облыс әкімің орынбасары Мұрат Дәрібаев С.Бәкіров атындағы, «Мерей», «Алтынгүл» лагерьлерін аралады.
Жас жеткіншектермен тілдескен шенеунік демалыс көңілді, әрі қызықты өтіп жатқанына көз жеткізді. Демалыс базаларының жай-күйімен жіті танысты. Құр қол келмеген Мұрат Дәрібаев облыс әкімінің атынан балаларға сыйлықтар табыс етті. Енді лагерде демалушылар жаңа спорттық құралдармен дене шынықтыратын болды. Өңір басшысы беріп жіберген тәттілер мен балмұздақтар балалар көңілін одан сайын жадыратты.
Облыстағы үш балалар үйінің өз демалыс лагерлері бар. Бұл Қостанай облыстық балалар үйі, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың №2 Қостанай түзету мектеп-интернаты және Рудный қаласындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың №1 түзету мектеп-интернаты.
Ал жеке демалыс орындары жоқ интернаттық ұйымдар үшін облыстық бюджеттен 85 млн.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 278 тәрбиеленуші жазғы демалыстарын Алтынсарин ауданындағы «Мерей» сауықтыру лагерінде өткізетін болды.
Өңірде 14 балалар демалыс орны бар. Маусым айында 5 мыңнан астам жас жеткіншек мұнда тынығып қайтты.

Жандос Жүсіпбек