Баспана құрылысының жоспары ауқымды

IMG_2428

Қостанай облысында 2016 жылы баспана құрылысы қарқын алмақ. Бүгінгі күні 40-тан астам жоба жоспарланып отыр. Оның құны 3,5 млрд.теңгені құрайды. Қаржының  1,5 млрд. теңгесі жаңа үйлерге инженерлік желілерді салып, қосуға жұмсалмақ. Ал 1,2 млрд. баспана кезегінде тұрғандарға тұрғын үй құрылысына арналады.  Жас отбасылар үшін баспана құрылысына 450 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша 2 жоба бар. Оны жүзеге асыруға 386,7 млн.теңге қажет. Аталмыш үйлер маңына инженерлік желілерді қосуды көздейтін 31 жоба бар. Бүгінгі күні ұсыныс жасаған жобалардың бірі мақұлданды. Қалғандарын қарау және бекіту әлі жалғасуда. 
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓