Алғашқы түлектер
Рудный. «Серпін – 2050» республикалық жобасы шеңберінде еліміздің оңтүстігінен келген 25 студент «Рудный тау кен– технологиялық колледжінде токарь мамандығы бойынша білім алды. «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» бағдарламасы бойынша еліміздің жастары жұмысшы қадрлары жетіспейтін өңірде білім алып, жұмысқа орналасып, жұмысшы қатарын толықтыратын болады. Алдағы оқу жылында «Серпін – 2050» жобасының 150 қатысушысы өңірдің 6 колледжінде білім алады.