Зауыттың келешегі зор
«KamLitKZ» ЖШС басшылары Қостанайға келді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«KamLitKZ» ЖШС индустриялық аймақ аумағында шойын құю зауытының, сондай-ақ жүк техникасының бөлшектерін шығаратын зауыттың құрылысын жүргізіп жатыр. Бірінші зауытты 2023 жылы іске қосу жоспарлануда, ал екіншісі 2024 жылы пайдалануға беріледі.Бұл ретте жүк автомобильдерінің жетекші көпірінің арқалығын өндіруді тереңдетуге бағытталған үшінші жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы жобаның арқасында Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің осы түрінің өндірісін оқшаулау деңгейі 70%-ды құрайды.Осылайша, «KamLitKZ» ЖШС жобалары бойынша инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 300 млрд теңгені құрайды, шамамен 1330 жұмыс орны ашылады.Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері қосымша пысықталды. Зауыттарға кадрлар даярлау үшін базалық білім беру мекемелері болып Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті және Рудный индустриялық институты белгіленді.Аталған оқу орындарының базасында техникалық мамандықтар кеңейтіліп, материалдық-техникалық база нығайтылуда. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қазан федералдық университетінің филиалымен ынтымақтастығы нәтижесінде студенттердің екі оқу ордасынан қос диплом алуға мүмкіндігі бар.