Сотқа жала жаппақ болды

Бүгін Қостанай қалалық №2 соты «ҚР ІІМ Қостанай облысындағы мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы" ММ заңгер-кеңесшісі Болат Байтұяқовқа қатысты бұрын-соңды болмаған қылмыстық іс қаралды.сот
Естеріңізге сала кетейік, 1963 жылғы Байтұяқов өз мекемесінің мүддесін алға тарта отырып, жұмыстан қуылған қызметкердің қайта орналасуды көксеген талабына қарсылық білдірген. Қостанай қалалық соты А.Нұрсаитова жұмыстан шыққан шағымшының пайдасына шешім шығарғанда, Б.Байтұяқов сәйкесінше аппеляциялық және кассациялық қарсы шағым берген. Сот талқылауы барысында, ол бірінші инстанцияның сотына жемқорлық қылмысқа барды деген айып таққан. Осыған байланысты, Байтұяқовтың тарапына кассациялық сот ұжымы жала жабу қылмысына барды деген анықтама берді. Қалалық прокуратура жалақорға қатысты қылмыстық істі осыдан соң қозғаған-ды.
Соттық іс қарау қорытындысында, айыпталушы Байтұяқов сотқа аса ауыр жала жапты деген шешім шығарды. Нақақтан күйе жақпақ болған ол енді бір жылдық бостандығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓