Ағайынды ұрылар ұсталды

Қостанайлық тәртіп сақшылары бір айда бірнеше рет мал барымталаған әккі ұрыларды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. уры«Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері өңірде 7 рет мал ұрлаған екі ағайындыны ұстады. Белгілі болғандай, мал ұрлығы наурыз айында жасалған. Қазіргі кезде қолды болған түліктердің жартысы заңды иелеріне қайтарылды. Ұрылардың ет сатушылармен байланысы болғаны анықталды», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Ағайындылар барымталаған малдарды «Газель» автокөлігімен тасып отырған. Ірі қара малдарды бауыздап, қостанайлық мал сатып алушыларға тапсырған. Тәртіп сақшылары күдіктінің Наурызым ауданындағы үйінен 11 қой және 10 бұзауды тапқан.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 188 бабымен («Ұрлық») қылмыстық іс қозғалды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓