Өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

            «Интернат үйіндегі тәрбиеленушілердің  өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан, тұрып жатқандардың біреуінің бөлмесінде жиһаз жанып, от  одан әрі қарай өрбіген…»  20150626_104418 Осындай тактикалық ойластырумен Федоров аудандық  «Пешковка психоневрологиялық  интернат үйі» ҚММ оқу жаттығу басталды. Қызмет көрсетушілер өртті көрісімен мектеп директорына және өртке қарсы қызметке хабарлап, одан кейін тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, бір мезетте  бастапқы өрт сөндіру құралдарымен «тілсіз жауды» тұмшалауға кірісіп кетті.20150626_104540
Барлығы, жаттығуға 5 бірлік техника мен 33 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіруге оқпандар бірінші және екінші қабатты қорғауға  терезе арқылы беріліп, бір мезетте 2 қабаттағы адамдар сыртқа шығарылды. 20150626_102817газтүтіннен қоғау қызметінің 2 буыны  1-ші, 2-ші қабатта қалып қоюы мүмкін зардап шегушілерді  іздеумен қатар барлау жүргізді.  20150626_105344Өрт сөндіру жетекшісі жауынгерлік учаскілердің  жұмысын тексерді.20150626_111006
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ  ҚКШБО бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.К.Токтекин жеке құрамның іс – әрекетіндегі оң және теріс тұстарын атап өтіп, кемшін тұстарды жоюға ұсыныстар берді.  20150626_113016Қызметкерлерге, сондай ақ ӨҚҚО жеке құрамына сын айтылғанымен, жаттығу "жақсы" деген бағаға өтті.
        
    

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓