Жетіқат көкте самғаған

 Күні кеше ғана Қазақ халқы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін кең көлемде атап өткені белгілі. Соған орай ел ордасы-Астана қаласында әскери шеру өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын ҰОС ардагерлері қатысып, тамашалап қайтты. Міне, осы шерудің шарықтау шегі  таяғанда әуеде «70» деген санды бедерлеп жазған 15 ұшақты жұрттың бәрі көрді.2  Осының нақ ортасындағы СУ -27 жойғыш ұшағын біздің жерлесіміз, авиация  подполковнигі Жәнібек Жұмашевтің өзі басқарып ұшты.Ол 1998-ші жылы Түркияның әскери-әуе училищиесін компьютерлік технологиялар инженері мамандығы бойынша бітірген.  2000-шы жылы  Измир қаласындағы әскери базада тәжірбиеден өтіп, «Ұшқыш-жойғыш» сетификатын алды. Кейінгі тоғыз жылда Қазақстанда қарапайым ұшқыштан эскадрилья командирі дәрежесіне дейін көтерілді.2009-шы  жылы Мәскеу қаласындағы Жуковский-Гагарин атындағы әскери академияға түсіп 2011-ші жылы оны қызыл дипломмен бітіріп шыққан. 2013-14-ші   ж.ж. Ақтау,Талдықорған қалаларындағы авиабазаларда командир лауазымын атқарды. Отбасылы. Жұбайы Меңсұлу Мейрамбекқызы екеуі  Нұрдәулет, Гүлмира есімді ұл-қыз өсіріп отыр.3
          Әуе шеруіндегі 70 тобының екінші бөлігіндегі (0-дің) сол қанатында үшінші болып МИГ-29 жойғыш-ұшағында  тағы бір жерлесіміз, авиация капитаны Алмас Игілікұлы ұшты. Ол 2008-ші жылы Ақтөбе әскери институтын 21жасында бітірген соң Балқаш, Қарағанды қалаларында әскери борышын өтеді. Бүгінде Шымкент қаласында әскери қызметін жалғастырып жатыр. Отбасымен ОҚО орталығында тұрады. Екі азаматтың екеуі де Жанкелдин ауданының тумалары.        1        
          Иә, Еліміз тәуелсіздік алғалы бері ҚР Әуе Қорғанысы Қарулы Күштерінің әскери институты қабырғасынан түлеп ұшқан 1700 – ден астам түлектің қаншасы Тобыл-Торғай  бойынан екені белгісіз, әйтседе, белгілісі бейбіт елдің аспанын күзетуде  әлі де талай тарландарымыздың жетіқат көк төсінде самғай беретіндігіне күмән жоқ.
         Ел азаматтарының қанаттары талмағай!
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
          

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓