Полицейлер оқ атқан
Оқиға Қостанай – Сарыкөл тас жолында болды деп хабарлайды Қостанай облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі. «ВАЗ-2110» маркалы темір тұлпардың қозғалысы тәртіп сақшыларына күман туғызады. қала сыртындағы мейрамханалардан көпірге қарай бет алған авто көлік бір жағынан екі жаққа бұлғанай жүйткіп келе жатқан.
Полицейлер көлік жүргізушісіне тоқтау туралы бірнеше рет белгі береді. Бірақ рольде адам оған құлақ аспайды. Сол кезде патруль оны қуып, соңына түседі.
Машина бірінеше көше қиылыстарында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, қашып құтылудың амалын іздейді. Заң бұзушыны құрықтау үшін оған оқ ату шешілді.
Алғашында ескерту ретінде ауа бірнеше оқ атылды. Бұл да көлік жүргізушісін тоқтатқан жоқ. Одан кейін машинаның доңғалақтарына оқ жаудырылды. Сөйтіп қашқын полицейлер құрығына түсті.
Ұсталғандар 14-15 жасар бозбалар. Олардың сөзінше темір тұлпарды таныстарынан жүре тұруға алған. Қуғыншылардан қашып құтылуды оңай болады деп ойлаған. Кейін аталмыш көліктің ұрланғаны белгілі болды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Махаббат Бекбай