Өрттің алдын алу үшін

1204_3

Күзгі-қысқы пеш жағу мезгілі келгенде, өрттер санының өсетіні белгілі. Қостанай облысы ТЖД және Қостанай қаласы ТЖБ қызметкерлері тұрғын үйлерде өрттерді алдын-алу мақсатында өртке қарсы рейд жүргізді.
Рейд барысында Юный боец, Дачная, Буденный, Пионерская, Тобольская, Колесная, Красный Кузнец көшелерінде орналасқан  жеке үйлер қамтылды. Қостанай облысы ТЖД мамандары өрт қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі жөнінде әңгіме жүргізді.  Тұрғындарға тұрғын секторда өрт қауіпсіздік шаралары туралы ескертпелер үлестірілді, өрт туындаған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулық жүргізілді.  
Рейд кезінде ТЖД қызметкерлері қызметтік автокөліктің қатты сөйлегіш құралын қолданып, тұрғындарға тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздік ережесінің талабын қадағалау және шаруашылық орындарында өрт қаупі бар материалдарды сақтауды болдырмау туралы ескертті.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓