Шат көңіл, тәтті өмір – жастар мерекесінде

Тобыл өңірінде 5 күнге созылған «Жастар күні» мерекесі мәресіне жетті. Жарқын да көркем мейрамның қорытынды күні жағажайда думандатылды.IMG_4644
Атаулы шараға облыс әкімі арнайы келіп, жастар қауымына жүрекжарды құттықтауын жолдады. Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан үлгілі жастарды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.  Айта кету керек, жетістік шыңына жеткен Рустам Абдрахманов, Дарья Якупова, Ғалым Қойшин сынды көптеген жергілікті жастарға қошемет білдірілді.IMG_4562
Өңір басшысы да көңілді мейрамның аясынан шеткері еместігін дәлелдеп, сахнада жастармен «селфи» жасады.IMG_4565
«Жастар күнінің» соңғы тәулігі де көрермендеріне аз тосынсый даярламапты. «Делфий ойындары» қорытындыланды. Қатысушылары сахна төрінде үздік деген нөмірлер көрсетті. Әндер әуелеп, заманауи билер жұршылық жүрегіне жол тапты. IMG_4542Бірінен бірі озған шоулық қойылымдар назарға ұсынылды. Мәселен, Төрехан Жұманов атты жас сиқыршының өнері ерекше ықыласпен қабылданды. 30 минут бойы иллюзиялық көріністерімен көрерменді таң-тамаша етті. Қостанайлық КВН командаларының да әзірлеген әзілдері де көңілді баурады.IMG_4604
Көрермендердің де белсенділігін сынамаққа үстел теннисінен, шахматтан жарыстар өткізілді. Ең шат-шадыманды шара – «Холи» бояулар мерекесі болғаны сөзсіз-ді. IMG_4591Мың түрлі бояулар шашуы мейрамның әсем сәнін арттыра түсті.IMG_4522IMG_4578
Мұнан соң «Шоколадты шайқас» атты ойын ұйымдастырылды. Бұл-дағы мерекенің биылғы жаңалығы ретінде көрермен жадында қалары шүбәсіз. Мейрам от-шашумен аяқталып, жағажайдан жұрт мәз-мәйрам тарқасты.
 
Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген: Бағдат Ахметбеков   
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓