Үздіктер марапатқа ие

Бүгінгі таңда байланыс және ақпарат саласы зор жауапкершілік артып отыр. Кез келген мәліметті жылдам, шынайы әрі нақты жеткізу – шыдамдылық, іскерлік, табандылық қасиеттерді қажет етеді. Бүгінгі таңда аймағымызда 120 бұқаралық ақпарат құралы өкілдіктері тіркелген. Олар халықтың мұң-мұқтажы мен жағымды жаңалығын ақпарат ретінде жеткізу арқылы билік саласымен бірлесе жұмыс атқарып келеді.дипломдар сапы
Еліміздің байланыс және ақпарат саласы қызметкелері күні Тобыл аймағында да кеңінен аталып өтуде. Өңірдегі журналистер мен байланыс саласы қызметкерлерінің басын қосқан мерекелік жиында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев билік пен халықтың дәнекері болған ақпарат құралдары өкілдері мен байланыс саласы қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап, үздік жорналшыларға облыс әкімінің марапаты және сыйлығын табыс етті. алғы сөзМұрат Дәрібаев сөз арасында, әсіресе, өңіріміздегі қазақ тілді ақпарат тарату кеңістігінің ауқым алып бара жатқаны зор мақтаныш екенін жеткізді.
Айтулы шарада «Қостанай таңы» газетінің мерейі ерекше тасығанын атап өткен жөн. Басылымда ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған әріптесіміз, журналистика саласының ардагері Жақсылық Жүнісұлы «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен мараптталды. бас редакторГазеттің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков көрнекті қоғам қайраткері, кәсіби журналист Мұхамеджан Сералин атындағы сыйлық иегері атанды. Аязбеков грамотаменАл басылым ұжымы облыстық ішкі саясат басқармасының алғыс хатын алса, бас редактордың орынбасары әрі басылымның ғаламтор бетіне жауапты Жұматай Кәкімжанов «Үздік интернет ресурс» аталымы жеңімпазы атанды.Жұматай Кәкімжанов Газетте ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер журналист Ермекбай Хасенов «Кәсібіне адалдығы үшін» марапатын иеленді. Басылымның жүгін көтеріп келе жатқан Мнуара Қабдрахметова, Гүлназым Сағитова Қазақстан журналистер одағының сыйлығымен мараптталды. Сондай-ақ, әріптесіміз әрі халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің өңіріміздегі меншікті тілшісі Қыдырбек Қиысхан «Жолдау – нақты істерде» аталымында жеңімпаз танылды. ҚыдырбекСонымен бірге газетіміздің Жангелдин ауданындағы меншікті тілшісі әрі «Біздің Торғай» басылымының өкілі Байбатыр Ахметбеков «Ауыл – алтын тамыр» аталымында топ жарды.Байбатыр
Жалпы ел арасында «журналистер күні» аталып кеткен мерекелік күн «Қостанай таңы» басылымы үшін зор жетістікке толы болды. «Нұр Отан» партиясы филиалы, облыстық кәсіподақ ұйымы, ардагерлер кеңесі,  қалалық әкімдік, облыстық сот, Ш. Қабылбаев атындағы Академия, ЖОО және басқа да мекеме-ұйымдар тілшілерімізді құттықтап, Жаксылыққа жақсылықізгі тілектерін жеткізуде. «Қостанай таңы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Сәлім Меңдібай облыстық ардагерлер кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталса, тағы бір әріптесіміз, қарымды қаламгер Ермекбай Хасенов облыстық ауыл шаруашылық кәсіподақтарының сыйлығына ие болды. Ал Айбек Кәдірұлы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты мен ақшалай сыйлығын алды.Ермекбай
Төменде мерекелік салтанатта марапатталғандардың тізімін жариялап отырмыз.
Қостанай облысы әкімінің сыйлығы мен грамотасына ие болғандар:
Хасенов Ермекбай Қайыпұлы;
Кошелев Василий Андреевич
Қиысхан Қыдырбек
Әбдібеков Дәуренбек Кәдірұлы;
МорозТатьяна Николаевна
Сапарова Мария Әбутәліпқызы;
Искаков Сакен Курмантаевич
Гвардеев Сергей Анатольевич
Лещук Елена Жансая:
Насонова Елена Сергеевна
Филимонова Нина Александровна.
Набиева Зульфия Рафиковна
Ахметбеков Байбатыр Ниязбекұлы
Гурский Олег Владимирович
Адырбаева Айжан Жұмабайқызы
            Шарипова Марина Васильевна  
Захаричева Фаина Владимировна
Үстел маңында редактормен
Қазақстан журналистер одағы атынан марапатталғандар:
Грапов Артем Александрович
Шевченко Сергей Михайлович
Штыкельмайер Инна Викторовна
Шило Мария Анатольевна
Офицерова Светлана Витальевна
Қабдрахметова Мнуара
Сағитова Гүлназым Бадаққызы
Барсақбаева Инара Мұратқызы
Оплачкина Любовь Игоревна
Дегтярева Татьяна Анатольевна
Жылқыбаева Зарина Ғалымханқызы
Марущенко Валентина Анатольевна
Турубаева Күләш Талғатбекқызы.
үстел басында
М.Сералин атындағы сыйлық – Жанұзақ Аязбеков.
 
Б.Майлин атындағы сыйлық – Ибрашев Төленді.
Жақсанов Оразалы Жақсанұлы.
 
Нәзипа Құлжанова атындағы сыйлық – Әбдрахманова Күлтай
Қыздар қауымы
Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының алғыс хаты:
«Қостанай Таңы» газетінің шығармашылық ұжымы
«Костанайские новости» газетінің шығармашылық ұжымы
«Қостанай Агро» газетінің шығармашылық ұжымы
«Алау» телерадиокомпаниясы ұжымы
«Қазақстан Қостанай» телеарнасының шығармашылық ұжымы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓