Жітіқарада өрт сөндіру бекеті ашылды

         Соңғы екі аптаның ішінде облыста ресми екі өрт бекеті құрылған болатын. Бірі – Әуликөл, екіншісі – Таран ауданында. Жітіқара ауданының Тимирязь ауылында кезекті бекеттің тұсауы кесілді. Бұл – ауыл тұрғындарының ортақ қуанышы десе болатындай. DSC_0162Енді төтенше оқиға туындай қалған жағдайда кажетті құралдармен жабдықталған өрт техникасының дабыл қағылған орынға келіп жетуінің уақыты қысқарады. Бұл өрт бекеті 2 мыңдай халқы бар Волгоградский, Мықтыкөл, Милютин елді мекендерін тілсіз жаудан арашалауға тас-түйін болады. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шекаралас жатқан дала алқабын да өрттен қорғайды. Жаңадан бой көтерген құрылым «Дала» ЖШС  қолғанаттығы негізінде қызмет атқарады. Өйткені, серіктестік өрт сөндіру көлігіне және ерікті өрт сөндіру құрылымын жылы панамен қамтамасыз еткен. Бекетке департамент соңғы үлгімен жабдықталған АЦ-40 (375) Ц1А Урал қыземт көлігінің кілтін табыс етті. DSC_0182Ал, серіктестік өрт көлігін бабында ұстауды, жұмысқа жарамдылығын бағуды өз жауапкершілігіне алды. Жаңа бекеттің ұжымы, яғни 2 көлік жүргізуші мен 7 өрт сөндіруші оқытудан өтті. Жеке құрамды Департаменттің кәсіби дайындық мектебінің мамандары тәжірибеден өткізді.
         Бұл барлық жұмыс  «90 күн  даму» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылуда.  Жоқты жасап, ескіні жаппай жаңарту – аталған бағдарламаның мақсаты.
         Жақын арада осындай өрт сөндіру бекеттері Алтынсарин, Ұзынкөл, Қостанай аудандарында және Арқалық қаласында да ашылмақ. 
 
Жандос Жүсіпбек
 
 
 
                      
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓