Жастар жемқорлыққа қарсы

Арқалық қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімі және қалалық Жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының таныстырылымы болып өтті.
Оған қаладағы жастар ұйымдары, ҮЕҰ жетекшілері, ауыл жастары, жас мамандар сонымен қатар мемлекеттік жас қызметшілер қатысты._MG_8309%20-%20%D0%BA%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%8F%20%281%29
Жастар арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау және Стратегияның маңызын түсіндіру мақсатында өткен шарада Арқалық қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімінің консультанты Азамат Оташев «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015 – 2025 жылдарға арналған Стратегияның» маңыздылығына тоқталды., «Нұр Отан» партиясының тұғырнамасында кең қамтылған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жөнінде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Нұрлан Хамзин әңгімелеп берді. Елбасының «100 нақты қадам» 5 институтционалық реформасында айтылған мемлекеттік қызмет сипаты туралы Арқалық қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлім басшысы Мәнсия Айтмағанбетовалар толымды ақпарат берді.
 
Мұрат Жүнісұлы
  Арқалық қаласы.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓