Құрылыс қарқын үстінде
Облыста биыл бірнеше білім беру нысандары бой көтермек. Бұл мақсатқа 2,2 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның 150 млн.теңгесі – Ұлттық қордан.
Қазынадан қарастырылған қаражаттың дәл қазіргі уақытқа дейін 799,8 млн.теңгесі игерілген. Пайызға шаққанда, биылғы жоспар 97,2%-ке орындалды. Оның ішінде, Лисаковтағы 280 орындық балабақшаның құрылысы бастамасына Ұлттық қордан 150 млн.теңге бөлініп, игерілгенін еске сала кетейік.
Облыс орталығында мемлекеттік тілде білім беретін 500 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы сметалық құны – 1,3 млрд. теңге. Рудный қаласы маңындағы Перцев ауылында 150 орынға шақталған орта мектептің құрылысы да қарқынды жүруде. Келер жылы тәмамдалмақ. Биыл, жалпы айтқанда, 588 млн.теңге игерілуі тиіс.
Спорттық нысандарды дамыту да басты назарда. Ағымдағы жылы 385,4 млн.теңге бөлінді. 80,1 млн.-ы жаратылып болды. 2013 жылы басталған Қостанай қаласындағы теннис орталығының құрылыс жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Сметалық құны 904 млн.теңге. Осы жылдың тамызында тұсауы кесіледі.

Жандос Жүсіпбек