Тағы да жалған дабыл
Қостанай қаласында «жарылғышқа» қатысты жалған дабыл тәртіп сақшыларын тағы да састырды. Кешкі 9-дар шамасында «112»-ге Абай даңғылындағы «Рахат» аялдамасы қасында №13 автобуста граната жарылатыны туралы хабарлама келіп түкен. Жедел жүргізілген тергеу жұмыстары арқылы бұл ақпарат расталмай шықты. Кімнің қайдан не үшін қоңырау шалғаны анықталу үстінде.