Мал басы өсіміне мән беріп отыр

Агросаланы кешенді цифрландырудың арқасында қазақстандық өнімдер әлем сұранысына сай болып отыр. Бәсекеге төтеп беруге қауқарлы кәсіпорындардың бірі – Федоров ауданындағы сүт фермасы. images (2)Бұл кешеннің құрылысына бас-аяғы 400 млн теңге жұмсалған.  Қазіргі күні мұнда сауын сиырлардың саны 360-қа жеткен. Тәулігіне 6000 тонна өнім өңдеуге қуатты. Ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар сүт өнімдерін шет елдерге де экспорттап жатыр. Сүт фермасының ерекшелігі – әр сиырдың қай уақытта, қанша сүт бергені, салмақ қосқанына дейін компьютерлік базада сақталады.
Өткен жылы шаруашылық 46 млн теңгеге голштино-фриз тұқымды 99 бас қашар сатып алған. Сүт фермасы директорының орынбасары Юрий Бубликтің айтуынша,  биыл «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Германиядан 450 бас сиыр сатып алынбақ. Сондай-ақ, жергілікті асыл тұқымды мал басын көбейту де көзделіп отыр. Осындай оң шаралардың арқасында Федоров ауданның ауыл  шаруашылық тауарлары ішкі және сыртқы нарық сұранысын еркін қамтамасыз ете алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓