Журналистер марапатталды
28 маусым – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні. Осы айтулы мерекеге орай қостанайлық қалам иелері марапатталды. Алғашқылардың бірі болып тілшілерді облыстық кәсіподақ ұйымдары, ардагерлер кеңесі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы құттықтады. «Қостанай таңы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Сәлім Меңдібай облыстық ардагерлер кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталса, тағы бір әріптесіміз, қарымды қаламгер Ермекбай Хасенов облыс ауылшаруашылығы кәсіподақтарының сыйлығына ие болды.Ал Айбек Кәдірұлы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаты мен ақшалай сыйлығын алды.
-Тобыл өңірі таланттарға өте бай.Солардың алдыңғы легінде келесіздер,-деп атап өтті облыстық кәсіподақтар ұйымының төрайымы Балбөпе Ертаева,-республикалық БАҚ-та да біздің танымал жерлестеріміз көп. Сіздер еліміздің экономикалық,әлеуметтік һәм мәдени-әдеби өміріне белсене араласып жүрсіздер. Бұл баршаларыңыздың кәсіби шеберліктеріңізді көрсетеді. Мерекелеріңізбен, құрметті журналистер!
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген автор.