Жын соққан Алтынай

Ертедегі  тылсымдарға куә болған ата-әжелеріміз айтқан аңыз-әңгімелер әлі есімде. Сондай тылсым оқиғалардың бірі – Аманкелді ауданына қарасты Үрпек ауылында тұрған Алтынай әжей жайында. Тоқсаныншы жылдардың аяғында Алтынай әже ақыл-есі ауысып қайтыс болды. Бала күнінен солай сырқатты екен. Дүниеге сол күйінде келді ме, әлде Алтынай апайды жын қаққан деген сөз рас па, әйтеуір әжем былай дейтін еді:wallpaper_l
"Соғыстан кейінгі жылдары, ауыл тұрғындары сырт жаққа шығып, егін егіп, еңбек ететін. Ал кішкентай бүлдір-шіндер үйде жалғыз қалып, қас қарайғанша шешелері қалдырған қатқан нан мен қара суды азық қылып отыратын. Сондай кездердің бірінде Алтынай апасы Күмісаймен үйде жалғыз қалады. Алтынай бесікте жатқан сәби. Күмісай болса, көңілі дала қуып жүре-тін ойын баласы. Апалы-сіңі-лілердің үлкені бесіктегі бөпесін жалғыз тастап, шыдамай тысқа шығып, ойын қызығына кіріп кетеді. Арада біраз уақыт өткен соң тәтесінің есіне үйде қалған сіңілісі түседі. Жылап қалмап па екен деген ниетпен, үй терезесінен жалма-жан қараса, бесіктегі бөпесін тыр жалаңаш әйел бейнесінде үш жын қоршап отыр. Күмісайды бірден қорқыныш билеп, бір орында тұрып қалады. Үш әйелдің біреуі Алтынайды емізіп отыр екен. Сол сәтте терезден сығалап тұрған Күмісайды байқап қалған жындар жоқ болып кетеді. Жүгіріп үйге кірсе, нәрестенің бет-аузы қи-сайып, ауыр халде жатыр".
Міне, содан бері Алтынай әжей сол күйі өмірінің соңына дейін ақыл-есі ауысқан күйде өмірден өтті.      
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓