Менің ұстазым
Дүниеде оқушыға ұстаздан жақын кім бар? Менің де сүйікті ұстазым бар. Ол кісі-нің есімі – Жеңіскүл Өмірзақова. Ол ұстазымыз қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Жоғары сыныпқа барғанда ұстазымның сабақ бергеніне сондай жақсы көрдім, әлі де солай. Ол кісінің сабақты түсіндіргеннен кейін кітапты оқымай-ақ бәрін ұғып алуға болады. Сабақты бар ынтасымен, бар көңілін бізге арнап ұғындырады, түсіндіреді… Ұстазымыздың айтқанын тек қана мен емес барлық оқушылар да сүйсініп тыңдайды. Мен ұстазымды екінші анама теңеймін. Анамдай ашық-жарқын, мейірімді, сыпайы, қарапайым, білімді де білікті жан. Екеуінің айтқан ақылы, ойы, сөзі, шаруаға бейімділігі өте ұқсас. Жеңіскүл апайдың берген тәлім-тәрбиесінің арқасында Абай атамыз айтқандай, бес нәрсеге асық болып, бес нәрседен қашық болуды үйрендік. Еңбекке, талапқа, жақсылық жасауға құштар болдық. Осындай менің ұстазымдай адамдар көп болса деп ойлаймын.
Аружан ЕМБЕРГЕНОВА,
9-сынып оқушысы.
Қарынсалды ауылы,
Аманкелді ауданы.