Қыздың көркі бұрымында!
Байқауға қатысып, бақ сынаймын деген бұрымды арулар 54-28-42 нөміріне хабарласыңыздар.
«Ақмаңдайлым» қыз-келіншектерге арналған бетінде жарияланған «Бұрымды арулар» байқауының келесі үміткері – ҚАЛДЫБЕК Ақбота Болатбекқызы. Қостанай мемлекеттік университеті гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің журналистика мамандығының 3 курс студенті.
– Мен шашымды бес жасымнан бері өсіріп келемін. Әрине, осы жасыма дейін бірнеше рет ұзындығын қидым да. Бірақ соңғы кездері шашыма ерекше күтіммен қарайтын болдым. Түрлі шаш күтіміне арналған маскаларды қолданып, жылына екі рет ұшын тегістеп тұрамын. Өзіме шашымды қос бұрым етіп өрген ұнайды. Себебі ұзын әрі қос бұрым етіп өрілген шаш кез келген қыз баланың көркі, сәні деп ойлаймын, – дейді үміткеріміз Ақбота.