Үздіктер қатарына қосылды
Рудный индустриалдық институты «Эко-инженерлік – биоқалдықтарды өңдеу және жаңартылған ресурстарды орнықты пайдалану» атты магистрлік жобасын жүзеге асыру арқылы кәсіпорындармен тиімді ынтымақтастықты дамытқаны үшін ҚР БҒМ және Қазақстандағы «Эразмус+» бағдарламасының Ұлттық офисі дипломымен марапатталды. Жоғары мәртебеге ие болған білім ошағы Ресей, Германия, Латвия және Эстония ЖОО-мен бірігіп «Экологиялық инжиниринг» білім беру бағдарламасын әзірлеуге кірісті.