Дін діңгегім

 Елдің бірлігіне, ынтымағына не жетсің. Әсіресе халықтың ұйымшылдығы болса кез келген мәселенің түйткілін табуға болады. Бұлай дейтін себебім Қостанай ауданына қарасты Октябр ауылының тұрғындары ақылдаса келіп ауыл шетіндегі мұсылман қорымын қоршап, күтімге алу үшін жанына шағын үй тұрғызып сауапты іс жасаған екен.  Қаржылық ауырпталықты да көтере білген ауыл тұрғындары іс бітерде ас беріп, аруақтарға құран бағыштап, ретті жерінде ауыл молдасына жаңа бір намазхана ашылса деген ниеттерін де білдіреді. Көптің бұл қалауын орындау үшін Сұлтанбек Байдрахманов жедел іске кірісу керектігін түсінеді. Бірақ бұл оңай шаруа бола қоймаған. cnulGRGemqwЕл ішінде иманды, жомарт азаматтар жетерлік деуші еді ғой міне, сондай азаматтардың бірі Арман Байзақов ерікті түрде өзінің бұрынғы сауда орынынан бос бөлме бөліуге келісімін бере қоймасы бар ма. Әй, бәрекелді деп жұрт та бір сүйсініп қалды. Осылайша дәл орталықтын жайлы жерінен намазхана пайда болады. Бірте-бірте ауылдықтар да қолдарынан келген көмегін аямай намазхананың жөндеу жұмыстарына атсалысады. Оған өзміз де куә болдық. Ана бір бұрышындағы қос люстраны кеше ғана бір азаматтар әкелсе, мына бір жердегі шкаф та кәдеге жарап-ақ тұр. Жоғарыдағы жомарт кәсіпкер кейін де көмексіз қалдырмапты. Тіпті бір сөзінде қысты күні де жайлы отыру үшін жылу тартып беру турасында айтып қалғанын тілге тиек еткен ақсақал күлімдей қарап, сол шаруаны орындап берсе жақсы-ақ болар еді деп қойды. Аудандық мешіттегілер кілемге жәрдемдескен болса, қарапайым адамдардың да қайырымы мол екендігін айтты. Сондай-ақ ең басты мәселе ресми тіркеуден өтіп те үлгерген.
Бұл жердің имамы Сұлтанбек ақсақал бұрындары мұғалімдік қызмет атқарған, қазір зейнеткер. 2010 жылдан бері ауыл молдасы. Аудандық кейіннен облыстық  «Атадан қалған асыл сөз» атты бата берушілер сайысында өткен жарыстың бірінші орын иегері. Ол кісі де осылайша халықтың дінге деген бет бұрысын арттыру үшін жұмыс істеуді мақсат тұтады.  Әрі бұл жерде жұма күндері жиылған жамағатпен намаз оқылады, жастарға уағыз айтылады. Келушілердің қарасы да баршылық. Мұнда олардың діни сауатын ашуға күш салады, пітір садақа жиналады, тұрмысы төмен отбасының балаларына намазхана атынан көмек беріліп тұрады. Кей отбасыларға мүмкіндігінше азық-түлікпен де қол ұшын созып жүрген намазхана ұжымы шарапаты мол істер әлі де жалғасын таба беретіндігін жеткізді.
 
                                                                  Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓